Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ресей 2030 жылы автонарықтың 80%-ын жергілікті көліктерге ауыстырмақ

Ресей 2030 жылы автонарықтың  80%-ын жергілікті көліктерге ауыстырмақ

Әлем. 27 желтоқсан. 7kun.kz – Ресей алдағы 7 жылда отандық автокөліктердің автонарықтағы үлесін көбейтіп, 2030 жылы 80% жеткізеді. Бұл туралы Үкімет басшысы Михаил Мишустиннің қатысуымен өткен кеңесте вице-премьер Денис Мантуров айтты.

Бұл елдегі әрбір бес автокөліктің төртеуі Ресейде құрастырылады деген сөз.

Алайда Мантуров бұған қалай қол жеткізетінін айтпады. Қазіргі кезде 45 жылдық тарихы бар «Ниваның» өзінде шетелдік бөлшек бар. Әйгілі көліктің тек 95% ғана ресейлік бөлшек.  Ал жақында қайта шығарыла бастаған «Москвич» тек атын ғана өзгерткен қытайлық бренд JAC. Тіпті көліктің капотын ашқанда мотор бөлігіндегі қытайша жазулар да өзгермеген.

Қытай автокөліктері қазірдің өзінде Ресей автонарығын жаулап алған. Мәселен, биыл сатылған әрбір төртінші көлік аспан асты елінде шығарылған. Оларға жыл басынан бері нарықтағы сатылымның 30%-ы тиеселі болып отыр. 2021 жылы олардың үлесі 10%-дан аспаған еді.

Похожие материалы