Ресей. 28 сәуір. 7kun.kz – Ресей Думасында 9 мамыр мерекесін бүкіл Ресей аумағында ішімдіксіз өткізу ұсынылды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Дума депутаты Султан Хамзаев алкогольді ішімдік сатуға мемлекеттік деңгейде тыйым салуды ұсынды. Саясаткердің мұндай ұсыныс айтуына басты себеп: ішімдік кесірінен түрлі отбасылық жанжал, төбелес орын алады.
«Халықтың денсаулығына зиян тигізбеу мақсатында осындай тыйым енгізу керек, мерекені өз деңгейінде атап өту керек», – дейді депутат.
Ресейдің Кемер, Воронеж, Тюмень, Тверь, Свердлов, Иркутск облыстары және Тыва республикасы аталған мерекеде ішімдік сатуға тыйым салатын норма енгізген.