Ресей әуе компаниясы Көкшетау, Қарағанды және Петропавлға рейстерді іске қосады
Алматы. 9 сәуір. 7kun.kz – Азаматтық авиация комитеті «ИрАэро» әуе компаниясына Қазақстан Республикасында аккредиттеу туралы куәлігін берді, - деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Енді көктемгі-жазғы навигация кезеңінде «ИрАэро»: Жуковский - Қарағанды - Жуковский (аптасына 7 рет), Жуковский - Көкшетау - Жуковский, (аптасына 2 рет), Жуковский - Петропавл - Жуковский (аптасына 2 рет) бағыттары бойынша тұрақты әуе тасымалын орындауды жоспарлап отыр.
Ұшулар RRJ (Sukhoi SuperJet-100) әуе кемелерінің типінде орындалады.
«ИрАэро» әуе компаниясы 1999 жылы құрылған. Ұзақ уақыт бойы Қиыр Шығыстың және Ресейдің солтүстік-шығыс облыстарының әуе тасымалында қызмет көрсетті. 2006 жылдан бастап «ИрАэро» жолаушылар тасымалымен айналысады, қазіргі уақытта аймақтағы ең ірі тасымалдаушы саналады.