Алматы. 27 мамыр. 7kun.kz – Ресей Еуразиялық экономикалық комиссияға экономикалық одақ ішінде бірыңғай ұялы тариф енгізу туралы келісім жобасын ұсынды. Сондай-ақ Одақ елдерінде 5G енгізуді жеделдетуге үміттенеді.
«Қызмет көрсетудің бірыңғай стандарттарына шығу қажет, желілік роумингті алып тастау керек. Бесінші буын байланысын енгізуге және көшуге дайындалу - бұл өте үлкен, қымбат, маңызды жоба, бірақ оған дайындалу қажет, біз өзімізде осындай жұмысқа кірісудеміз», - деді РФ Премьер-Министрі Дмитрий Медведев вице-премьерлермен өткен кеңес барысында.
Оның айтуынша, 5G байланысының Еуразиялық Одақ форматында жұмыс істейтіндігі туралы ойлану керек.
Вице-премьер Максим Акимовтің айтуынша, Ресей тарапы Еуразиялық экономикалық одақ аясында Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей арасындағы бестіктің кеңістігінде роумингті жою жұмыстарын жандандырған.
«Сіздің тапсырмаңыз бойынша біз одақ елдерімен роумингті кезең-кезеңімен алып тастау бойынша жұмысты күшейттік», - деді Акимов.