Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ресей қазақстандық жауынгердің сүйегін Қазақстанға қайтарды

Ресей қазақстандық жауынгердің сүйегін Қазақстанға қайтарды

Санкт-Петербург. 9 мамыр. 7kun.kz – Санкт-Петербургте «Ленрезерв» патриоттық бірлестігінің аумағында Ленинград майданында соғысқан Қостанай облысының (Қазақ КСР) тумасы, қызыл армия жауынгері П.А.Фоменконың сүйегін қайтару рәсімі өтті. Бұл туралы ҚР-ның Ресейдегі Елшілігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ic-шараға Санкт-Петербург қаласының губернаторы А.Беглов, Санкт-Петербург қаласының Заң шығарушы органының төрағасы А.Бельский, ҚР-ның Санкт-Петербург қаласының Бас консулы Б.Досманбетов, "Ленрезерв" іздестіру отрядының бастығы Д.Ромашко, қазақ диаспорасының өкілдері қатысты.

Қызыл Армия жауынгерінің сүйектерін Ленрезерв патриоттық бірлестігінің іздеу отряды Невский пятачокта тапты. Нева жедел тобына қарасты 86-атқыштар дивизиясының 330-атқыштар полкінің штаб-пәтер блиндажынан 100 метр жердегі окоптан табылды.

Жақын арада марқұмның сүйегі оның туыстарына беріледі.

Похожие материалы