Алматы. 19 сәуір. 7kun.kz – Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украинаға шабуылдың жаңа кезеңі басталғанын айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
Лавров India Today арнасына берген сұқбатында батыс елдері Зеленскиді сатып кетті деп мәлімдеді. Оның айтуынша, егер Владимир Зеленский Минск келісімін орындауға ұмтылып, келісімге келгенде әлдеқашан тыныштық орнайтын еді.
"Украинаның шығысындағы Донецк және Луганск республикаларын толығымен азат етуге бағытталған операция жалғасады, осы арнайы операцияның келесі кезеңі басталады", - деп атап өтті министр.
Ресей СІМ басшысы Украинадағы «арнайы операцияның» осы кезеңінде әскерилер тек қарапайым қаруды қолданатынын атап өтті. Лавров Мәскеу Украинадағы билік режимін өзгертуді жоспарламайтынын айтты. Оның айтуынша, Ресей билігі "украиндықтардың қалай өмір сүргісі келетінін өздері шешкенін" қалайды.