Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ресейде MacBook Pro 1,2 миллион рубльге сатылуда: iPhone мен Apple Watch та қымбаттады

Ресейде MacBook Pro 1,2 миллион рубльге сатылуда: iPhone мен Apple Watch та қымбаттады

Apple Ресейдегі ресми дүкендерінде iPhone, MacBook, Apple Watch және басқа да жабдықтарын сатуды тоқтатқанын хабарлағаннан кейін, өзге дүкендерде аталған компания құрылғылары күрт қымбаттады, деп хабарлайды 7kun.kz.

Yandex.Market мәліметтері бойынша, 10 ядролы 16 дюймдік, 64 ГБ жедел жады және 8 ТБ SSD бар MacBook Pro Apple M1 Max қазіргі уақыттағы бағасы шамамен 1,2 миллион рубльді құрайды.

Сондай-ақ, басқа құрылғылар да қымбаттады. Мәселен, Яндекс.Маркеттен 1 ТБ флэш-жады бар iPhone 13 Pro Max-ты – 308 679 рубльге, Apple Watch Series 7 45 мм-ді – 199 990 рубльге, iPad Pro 12.9-ды – 343 986 рубльге сатып алуға болады.

Похожие материалы