Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ресейде McDonald's мейрамханалары уақытша жабылады

Ресейде McDonald's мейрамханалары уақытша жабылады

McDonald’s жылдам тамақтану мейрамханалар желісі Ресейдегі 850 мейрамханасын уақытша жабады, деп хабарлайды Bloomberg агенттігі.

Мейрамхананың жабылуы туралы бас директор Крис Кемпчински қызметкерлерге жазған ашық хатында хабарлады.

"McDonald's жағдайды назарда ұстайды және қандай қосымша шаралар қажет екенін анықтайды. Қазір Ресейдегі мейрамханаларымыз қашан қайта ашылатыны белгісіз", - дейді McDonald’s бас директоры.

Bloomberg мәліметінше, хатта мейрамханалардың жабылатынына қарамастан, компания өз қызметкерлеріне жалақы төлеуді жалғастыратыны жазылған. Ресейдегі мейрамханалар желісінде 62 мың адам жұмыс істейді.

Сондай-ақ, McDonald’s Украинадағы 100 мейрамханасын да жаппақшы.

Айта кетейік, 8 наурызда Starbucks пен Coca-Cola Ресейдегі жұмысын тоқтататынын хабарлады.

Похожие материалы