Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ресейде мобильді видеожарнамаға сұраныс артып келеді

Ресейде мобильді видеожарнамаға сұраныс артып келеді

Алматы. 16 сәуір. 7kun.kz – Ресейлік жарнама берушілер 2018 жылы мобильді құрылғыларға арналған видеожарнамаға 4 миллиард рубль жұмсады, - деп хабарлайды «Ведомости».

Бұл интернеттегі видео жарнамаға бөлінген қаражаттың 40%. Жалпы Ресейде видеожарнамаға сұраныс қатты өсіп келеді. Соңғы 2 жылда сұраныс 2 есеге өскен. 2018 жылдың соңында Интернеттегі бейнероликтерді көретін аудитория 41 миллион пайдаланушыны немесе Ресейдің ірі қалаларының тұрғындарының 77%-ын құрады (Mediascope деректері).

2017 жылы олар 75% болған еді. Өсім ұялы құрылғылардан видео көретін пайдаланушылар санының артуынан ұлғайып отыр. Ірі қала тұрғындарының 25%-дан астамы бейнелерді смартфондар мен планшеттерден ғана қарайды.

Алайда, ресейліктер стационарлық компьютерлерде және ноутбуктерде бейнені көру үшін ұялы құрылғыларға қарағанда бұрынғысынша көп уақыт жұмсайды — орташа есеппен тәулігіне 48 минут.

Похожие материалы