Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ресейде тұратын Қазақстан азаматы әскерге шақырту алған

Ресейде тұратын Қазақстан азаматы әскерге шақырту алған

Астана. 3 қазан. 7kun.kz – Желіде Санкт-Петербор қаласында тұратын, Ресейде тұрақты тұруға рұқсаты бар Қазақстан азаматы әскерге шақырту алғаны туралы хабарлама тарады. Осыған қатысты ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров түсініктеме берді, деп хабарлайды 7kun.kz.

«Ақпараттық базаларда мұндай сәйкессіздіктер болып тұрады. Егер айталық адам Ресей аумағында болса, тұрақты тұруға рұқсат алса, онда бұл – азаматтық емес. Ол әскери комиссариатқа құжаттарын көрсете алады немесе Қазақстан Елшілігіне жүгінуі керек. Заңды тұрғыда Қазақстан азаматы екенін дәлелдеуі қажет», – деді ол.

Похожие материалы