Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ресейдегі қазақстандықтар референдумда қалай дауыс беруде

Ресейдегі қазақстандықтар референдумда қалай дауыс беруде

Мәскеу. 5 маусым. 7kun.kz – Бүгін Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің жанындағы №265 сайлау учаскесінде жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-де ҚР Конституциясына өзгерістер енгізу жөніндегі референдумда дауыс беру басталды, деп хабарлайды 7kun.kz Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ, Ресейде Қазақстан азаматтары өз дауыстарын Мәскеуден бөлек Санкт-Петербург, Қазан, Астрахань және Омбыдағы ҚР бас консулдықтарының жанынан құрылған төрт учаскеде бере алады.

Сайлау учаскесіне келген кезде өзімен бірге Қазақстан Республикасы азаматының паспорты немесе жеке куәлігі болуы қажет. Дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де аяқталады.

Айта кетейік, референдум өткізу үшін шетелде 65 сайлау учаскесі әлемнің 52 елінде жұмыс істеуде.

Похожие материалы