Ресейдегі ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі Қарағандыда жасырынған болуы мүмкін
Ресей. 9 тамыз. 7kun.kz – Ресейдегі ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі, қылмыстық ортада Сильвестер деген атпен танымал Сергей Тимофеевтің қызы әкесінің тірі екенін және оның Қарағандыда жасырынған болуы мүмкін екендігін айтты. Бұл туралы Mash Telegram арнасы хабарлады.
Сильвестр Ресейдегі ең қанды ұйымдасқан қылмыстық топтардың бірінің негізін қалаушы және жетекшісі болған, Япончик, Мурал, Отари Квантришвили және Михас сияқты заңдағы ұрыларымен дос болған. Ол жекпе-жек өнерімен айналыса жүріп, 80-жылдардың соңында бұрынғы жас спортшылардың тобын құрды.
Ресми түрде Орехов қылмыстық тобының жетекшісі (аты Мәскеудің Орехово-Борисово тұрғын үй алабынан алынған) Сильвестр, ресми нұсқа бойынша, 1994 жылы қайтыс болған.
Тимофеевті жерлегеннен кейін 28 жыл өткен соң оның қызы Карина Харламова полицияға арыз жазып, жерленген мәйітті эксгумациялауды талап етуде. Оның айтуынша, әкесі тірі, қазір Қарағандыда. Ал оның қабірінде басқа адам жерленген.
Айта кетейік, Орехов қылмыстық тобының мүшелеріне қатысты сот 2020 жылға дейін жалғасты. 2020 жылдың 8 шілдесінде 1990 жылдары бес адамды өлтірді деп айыпталған қылмыстық топтың мүшесі Александр Шарапов 15 жылға бас бостандығынан айырылды. «Бригада» телехикаясының сценарийі Орехов ұйымдасқан қылмыстық тобының тарихына негізделген.