Ресейдің орталық банкі жариялаған мәлімет бойынша, 2022 жылдың алғашқы ширегінде $64,2 млрд капитал сыртқа кеткен. Ал ақпан-наурызда тағы $51,4 млрд шетелге жылыстаған, деп хабарлайды 7kun.kz.
РФ ОБ екі ай бұрын қаңтарда елден $12,8 млрд кетті деген. Ал қаңтар-ақпан айындағы мәлімет жарияланбады. Сарапшылар бұған қарамастан зерттеу жасап, соңғы екі айда Ресейден сыртқа кеткен капитал көлемін анықтаған. 2020 жылы барлығы $50,3 млрд 2021 жылы $72,6 млрд капитал елден кеткен.
Бір жылдағы абсолютті максимум көрсеткіш 2014 жылы тіркелді. Ол кезде $152.1 млрд Ресейден шығарылған еді.