Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ресейден капиталдың таза жылыстауы 35,2 млрд долларға дейін өсті

Ресейден капиталдың таза жылыстауы 35,2 млрд долларға дейін өсті

Алматы. 12 маусым. 7kun.kz – РФ Орталық банкінің алдын ала есептеуі бойынша Ресейде жеке меншік секторымен сыртқа шығарылған капиталдың көлемі 2019 жылдың қаңтар-мамыр айларында өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда шамамен  1,9 есе өсіп,  35,2 млрд  долларға жетті, - деп хабарлайды ТАСС.

2018 жылдың алғашқы бес айының қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 18,9 млрд  долларды құраған.

«Көрсеткіш мөлшері шетелдік активтерді сатып алу бойынша банктердің және басқа секторлардың операциялары нəтижесінде қалыптасты, ал сыртқы міндеттемелердің өзгеруі минималды деңгейде болды», - деп тап өтеді ОБ.

2018 жылы Орталық банктің бағалауы бойынша, Ресейден сыртқа шығарылған жеке сектор капиталы   $63,3 млрд долларды құрады. Ал, бұл 2017 жылы 25,1 млрд  доллар болған еді.

Похожие материалы