Экономика
Ресейдің футбол клубтары 2022-2023 жылғы еурокубок жарыстарына қатыса алмайды

Ресей. 3 мамыр. 7kun.kz – Украинадағы жағдай мен санкция салқыны Ресейдің спортына одан сайын қатты соққы беруде. Енді футбол клубтары еурокубок жарыстарына қатыспайды. Атап айтқанда, Ресей клубтары 2022-2023 жылғы футбол маусымында Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасынан шеттетілді. Мұндай шешімді футбол қауымдастықтарының еуропалық одағы қабылдады, деп хабарлайды 7kun.kz.
Демек, алдағы маусымда ресейлік командалар УЕФА-ның Чемпиондар лигасына, Еуропа лигасына, конфедерация лигасына қатыса алмайды. Оған қоса, Ресей футбол клубтары УЕФА-ның әйелдер арасындағы және жасөспірімдер арасындағы жарыстарда да ойнай алмайды. Мұндай шешімді УЕФА мен ФИФА Украинаға шабуыл басталғаннан кейін бірден, 28 ақпанда шығарған.