Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ресейдің OBI гипермаркеттерін қазақстандық кәсіпкерлер сатып алуы мүмкін

Ресейдің OBI гипермаркеттерін қазақстандық кәсіпкерлер сатып алуы мүмкін

Ресей. 21 сәуір. 7kun.kz – Ресейдегі OBI гипермаркеттерінің жаңа иесі Қазақстанда аталған брендті франшиза арқылы дамытып жүрген отандық кәсіпкер Ерлан Сейсембаевқа тиесілі Asadel холдингі болуы мүмкін. Бұл туралы «Коммерсант» OBI желісіне жақын дереккөзіне сілтеме жасап жазды, деп хабарлайды 7kun.kz.

Ресейлік OBI желісінің өкілдері түсініктеме беруден бас тартты. Ал Asadel холдингі байланысқа шықпады және қазақстандық OBI желісі аталған сыбысқа жауап бермеді.

Asadel президенті – Ерлан Сейсембаев. Оның отбасы қазақстандық Forbes рейтингінде 128 миллион доллар байлығымен 41-орында тұр. Холдингтің тағы бір иесі – 412 миллион доллар байлығымен Forbes рейтингінде 21-орында тұрған қазақстандық бизнесмен Ғалымжан Есенов. Қазақстандағы алғашқы OBI гипермаркетін 2018 жылы ашқан Ерлан Сейсембаевтің сөзінше, ол оған 25 миллион доллар инвестициялаған.

Айта кетейік, «Ведомости» дерегінше, OBI-ге жақын дереккөздері неміс компаниясының ресейлік желінің топ-менеджерлерімен жанжалдасып қалғанын хабарлаған. Соңғысы желінің дүкендері сәуір айында қайта ашылатынын айтты, бірақ OBI елден 8 наурызда кеткен бері әлі ашылмады.

12 сәуірде OBI ресейлік бизнесті Natura Siberica компаниясында сенімді басқарушы болған Борис Любошицтің басқаруына беретінін хабарлады. Болашақта бизнес ресейлік инвесторға өтіп, толықтай неміс тауар белгісінен бас тартуы мүмкін.

Құрылыс, шаруашылық заттарын сататын әлемдік ірі желі OBI-дің Ресейдегі алғашқы дүкені 2003 жылы ашылған. Қазіргі кезде тәулік бойы жұмыс істейтін 28 дүкені бар.

Похожие материалы