Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ресейге қарсы санкциялар қазақстандық мұнай транзитіне әсер етпейді - «ҚазМұнайГаз»

Ресейге қарсы санкциялар қазақстандық мұнай транзитіне әсер етпейді - «ҚазМұнайГаз»

Алматы. 7 маусым. 7kun.kz – Ресейге қарсы санкциялар қазақстандық мұнайды басқа мемлекеттер арқылы тасымалдауға әсер етпейді. Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы басқарма төрағасының орынбасары Дәурен Қарабаев айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.

«Қазақстан мұнайы басқа мемлекеттердің аумағы арқылы транзитпен өтсе де, санкцияға ұшырамайды», - деді Қарабаев сейсенбі күні өткен брифингте.

Оның айтуынша, мұнай сатып алушылармен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

«Әзірге мұнайды сатуда еш қиындық көрген жоқпыз», - деп қосты Қарабаев.

«ҚазМұнайГаз» – мұнай-газ саласындағы мемлекеттің мүддесін білдіретін көмірсутектерді барлау, өндіру, өңдеу және тасымалдау жөніндегі Қазақстанның ұлттық операторы. Компания акцияларының 90,42%-ы «Самұрық-Қазына» қорына, 9,58%-ы ҚР Ұлттық банкіне тиесілі.

Похожие материалы