Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ресейлік бизнесмен Тиньков Украинадағы соғысқа ашық қарсы шықты

Ресейлік бизнесмен Тиньков Украинадағы соғысқа ашық қарсы шықты

Ресей. 20 сәуір. 7kun.kz – Ресейлік миллиардер Олег Тиньков Украинамен қақтығысты тағы да айыптады, деп хабарлайды 7kun.kz.

«Мен бұл ақылсыз соғ**тың [Ресей билігінің талаптарына байланысты өңделген] бірде-бір бенефициарын көрмеймін!

Жазықсыз адамдар мен сарбаздар опат болуда. Генералдар әскерінің қауқарсыз екенін түсінді. Егер елдегі барлық нәрсе непотизмге, холуизм мен мансапшылыққа толы болса әскер қайдан жақсы болсын?», – деп жазды Олег Тиньков өзінің Instagram-парақшасында.

Сондай-ақ Тиньков ресейліктердің 90%-ы қазір Украинда болып жатқан жағдайға қарсы екенін айтты.

«Құрметті «Батыстық ұжым», Путин мырзаға өзінің абыройын сақтап, осы қырғынды тоқтату үшін нақты жол беріңіздер. Өтінемін, рационалды және адамгершілікті болыңыздар», – деді Тиньков.

Айта кетейік, 28 ақпанда Тиньков Ресейдің Украинадағы «арнайы операциясына» ашық түрде қарсы шықты.

Еске сала кетейік, 2022 жылғы наурыздың аяғында ол Ұлыбританияның санкцияларына ұшырап, оған қарсы көлік санкциялары енгізілген болатын. Атап айтқанда, яхталарға елдің порттарына кіруге, ал ұшақтарға әуе кеңістігінде ұшуға тыйым салынды. Бірақ кейіннен британдық билік шектеулерді алып тастады.

14 сәуірде Тиньков «Италиядағы украиндық босқындар мен Ресейдегі жаралыларға» көмек көрсету жоспарын жариялады. Ол тіркелушілерінен осымен айналысатын қорлар мен басқа да ұйымдардың байланысын номерлерін беруін сұрады.

Похожие материалы