Алматы. 28 тамыз. 7kun.kz – «Детский мир» ритейлері Қазақстанда интернет-дүкенін іске қосты, - деп хабарлады компания.
Интернетте жасалған тапсырыстар елдегі желілік дүкендерге жеткізіледі (in-store pickup қызметі). Бағдарламаға 16 қаладағы 31 супермаркет қатысуда.
«Детский мир» компаниялар тобы – бұл балалар тауарларының ең ірі ресейлік бөлшек сауда операторы. Компанияның ең ірі акционерлері – AFK Sistema (52,1%) және RCIF (14.03%). «Детский мир» Мәскеу биржасында саудаланады. Маусым айының соңында топ 760 дүкенді біріктірді: 688 «Детский мир» дүкені, 66 ELC және ABC дүкендері, сондай-ақ алты «Зоозавр» жануарларға арналған тауарлар дүкенін біріктірді.
Бірінші жартыжылдықтың қорытындылары бойынша «Детский мир» кірісі 16,2%-ға 55,9 млрд рубльге, оның ішінде Қазақстандағы түсім 53,1%-ға 1,5 млрд рубльге дейін өсті. Ресейде жұмыс істейтін интернет-дүкеннің кірісі 72,3%-ға өсіп, 5,3 млрд рубльді құрады. 2018 жылы балаларға арналған тауарларды онлайн-сату нарығындағы ритейлердің үлесіне 15% (нарық көшбасшысы – 36% үлеспен Wildberries) келді, - деп хабарлады «Детский мир» тұсаукесерінде.
Ресей мен Қазақстаннан бөлек, ритейлер Беларусьте де жұмыс істейді, онда өзінің алғашқы дүкенін осы жылдың ақпан айында ашқан.