Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ресейлік ерлі-зайыпты қос азаматтық алғаны үшін Қазақстаннан шығарылды

Ресейлік ерлі-зайыпты қос азаматтық алғаны үшін Қазақстаннан шығарылды

Алматы. 6 қазан. 7kun.kz – Алматы әуежайындағы желілік полиция бөлімі көші-қон қызметінің қызметкерлері РФ азаматтарын Қазақстанның азаматтық туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауапқа тартты. Бұл туралы көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

69 және 71 жастағы ерлі-зайыптыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабының екінші бөлігі (Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде шетел азаматтығын алу фактісін хабарламау) бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен құқық бұзушыларға 5 жыл мерзімге Қазақстанның аумағына кіруге тыйым салынды, олар ел аумағынан шығарылады.

Жыл басынан бері көлік полициясының қызметкерлері Қазақстанның көші-қон саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін барлығы 986 азаматты, оның ішінде қос азаматтығы бар 38 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты. Сондай-ақ 155 шетелдік сот шешімімен елімізден шығарылды.

Похожие материалы