Москва. 29 тамыз. 7kun.kz - «Группа ГАЗ» компаниясы қызметкерлеріне 2019 жылдың қазаны мен 2020 жылдың сәуіріне дейін төрт күндік жұмысқа көшетіні туралы хабарлады. Бұл туралы secretmag.ru жазды.
Бұған себеп ретінде ГАЗ өкілдері нарықтағы құлдырау мен санкцияның әсерін атаған. Санкция двигательдерге арналған бөлшектерді импорттауға кедергі туғызған. Сондай-ақ көктемде өндіріс көлемі төмендеуі мүмкін. Ал төрткүндік жұмысқа көшсе жалақы да қысқарады. Бұл жұмысшыларды қысқартудан қашуға мүмкіндік береді.
Ресейде төрткүндік жұмысқа көшу бастамасын Еңбек министрлігі ұсынып, Госдума қолдаған. Кейін Үкімет басшысы Дмитрий Медведев те қолдау білдіріп, бірақ бұл жуық арада жүзеге аса қоймайды деген еді.