Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ресейлік ВТБ банкі Қазақстандағы еншілесінің капиталын көбейтеді

Ресейлік ВТБ банкі Қазақстандағы еншілесінің капиталын көбейтеді

Нұр-Сұлтан. 2 маусым. 7kun.kz – Ресейлік ВТБ тұрақтылығын арттыру үшін Қазақстандағы еншілес банкін капиталдандыруға ниетті, деп хабарлады Банк ВТБ (Қазақстан) баспасөз қызметі.

"Рәсім барлық заң талаптары орындалғаннан кейін жүзеге асырылады. Банк алған қаражатты өз капиталын ұлғайтуға жұмсайды. Бұл оның қажетті стандарттарға сай болуына және елдегі қызметін одан әрі дамытуға көмектеседі", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Алайда қаражат көлемі айтылмады. Сондай-ақ, хабарламада акционердің банкке сенім білдіріп, жан-жақты қолдау көрсететіні атап өтілген.

«Капиталдың ұлғаюы банкке тұрақтылықты арттыруға және акционермен бірлесіп белгіленген міндеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді», - дейді Банк ВТБ (Қазақстан) Басқарма төрағасы Дмитрий Забелло.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, ВТБ Қазақстан банкі наурыз айындағы АҚШ-тың санкциясынан кейін жаңа инвестор іздеуде. 1 сәуірдегі жағдай бойынша ВТБ еншілес банкі елдегі 22 банк арасында активтерінің көлемі бойынша 13-орынды иеленді.

Похожие материалы