Алматы. 12 қараша. 7kun.kz – Ресейдегі жоғары оқу орындарында 71 мыңнан астам қазақстандық білім алады, - деп хабарлайды LS.
Федералдық бюджет есебінен 29 мың қазақстандық, келісім-шарт негізінде 42,5 мың адам білім алуда.
Биылғы оқу жылында сұранысқа ие мамандықтар экономика, менеджмент, халықаралық қатынастар, қолданбалы математика және физика, заң, медицина, бағдарламалық инженерия болды.
Қазақстандықтар көбінесе Омбы облысының (13 мың), Мәскеудің (8,4 мың), Томск облысының (6,8 мың), Новосібір облысының (5,9 мың), Санкт-Петербургтің (5,3 мың), Челябинск облысының (4,6 мың), Орынбор облысының (3,2 мың) және федерацияның басқа да өңірлерінің университеттеріне түседі.
Айта кетейік, 5,4 мың адам Қазақстан қалаларында білім беру ұйымдарының ресейлік бөлімшелерінің талапкерлері болды.