
Россельхознадзор АҚШ-тан келетін жержаңғақ импортына тыйым салуы мүмкін. Бұл туралы ведомства басшысының көмекшісі Алексей Алексеенко хабарлады.
"Біз АҚШ-тан келетін жержаңғақтың импортына тыйым саламыз. Шешім қабылданды, қазір ол құжат түрінде рәсімделіп жатыр", - деді Алексеенко. Оның сөзінше, шектеу салу туралы құжат 6 сәуірде дайын болады.
Россельхознадзор кондитерлік "Рот Фронт" кәсіпорнындағы американдық жержаңғақтың құрамынан адам өмірі үшін қауіпті кадмийдің жоғары мөлшерде екендігін анықтаған.
Тексеріс кезінде санитарлы бақылау бөлімі шикі жержаңғақтың 7 түрін таңдап алып, сараптамаға жібереді. Зерттеу қортындысы бойынша, американдық «Голден пинат компани» экспортері жеткізген 24,7 тонна жержаңғақтың құрамында кадмийдің белгіленген мөлшерден асып кеткендігі белгілі болды.