Астана. 24 тамыз. 7kun.kz - Ресей Федерациясының бірінші вице-премьері Игорь Шувалов Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақтағы (ЕАЭО) көптеген мәселені шешуде көшбасшы бола алады деп есептейді. Бұл туралы Интерфакс-Қазақстан хабарлады.
«Бізде дайын мамандар, бұл туралы түсінік және өзіміздің бекітілген күн тәртібі болғанмен де, бұл жерде Ресейдің көшбасшылық танытуы қауіпті. Өзіміздің белгілі бір рөлімізді таныта бастасақ, барлығы бұл Кремльдің саяси жобасы деп шулай бастайды. Бұл жобада Қазақстанның көшбасшы болғанын қалаймыз, өйткені бұл идеяның негізін қалаушы - Қазақстанның президенті. Ол 90- жылдардың басында-ақ еуразиялық кеңістік туралы идеяны айта бастаған болатын», – деп атап өтті Игорь Шувалов Астанада өтіп жатқан «Еуразиялық апталықта».
«Әрине, шектеу және алу, сондай-ақ цифрлы экономиканы құру және т.б маңызды мәселелер, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақты дамытуға қатысты мәселеде Қазақстанның көшбасшы болғанын қалаймыз», – деді ол.
Сондай-ақ вице-премьер Еуразиялық одақтың басқа да мүшелері бұл позицияны қолдайтынына сенімді.
«Барлығымыз Еуразиялық кеңістік құндылығының көшбасшысы ретінде Нұрсұлтан Әбішұлына үміт артып отырмыз. Алға қарай жылжыту бастамасы Қазақстанда қалыптасатын болады деп ойлаймыз», – деп сөзін аяқтады Шувалов.
Дереккөз: abctv.kz