Ресей Еуроодақтың кейбір елдері үшін азық-түлік эмбаргосын алып тастауы мүмкін
Ресей үкіметі Еуроодақтың кейбір елдеріне салынған азық-түлік эмбаргосын кері шегеруі мүмкін. Бұл туралы ауыл шаруашылық министрі Николай Федоров мәлімдеді деп хабарлайды ТАСС.
Шенеуніктің атап өтуінше, ресейлік санкциялардың тізіміне іліккен елдер "Ресей және басқа да елдермен қарым - қатынасын бағалау арқылы" РФ президенті мен үкімет арқылы анықталған. Енді кейбір мемлекеттерді бұл тізімнен алып тастау туралы ұсыныстар айтылуы мүмкін. " Олар - Грекия, Венгрия, Кипр. Осы елдер талқыланды", - деп атап өтті министр. Бірақ ол Грекия премьер-министрі Алексис Ципрастың 8 сәуірде Ресейге келуі нақты шешімдер қабылдауға ықпал етеді деп ойламайтындығын атап өтті.
17 наурыз күні Россельхознадзор басшысы Сергей Данкверт эмбаргоны кері шегерісімен Ресей нарығына бірінші Венгрия, Грекия және Кипр оралады деп мәлімдеген еді.
1 наурыз күні Афина үкіметі Ресейден апельсин, құлпынай және шабдалыны кіргізуге рұқсат беруін өтінген. "Эмбарго тізіміне іліккен тауарлар арасынан осы 2-3 өнімдер алынып тастауы мүмкін", - деген еді сонда Грекияның ауыл шаруашылық министрінің орынбасары Панайотис Сгуридис. Ал бұдан бір күні бұрын РФ вице-премьері Аркадий Дворкович үкіметтің азық-түлік эмбаргосын әзірге кері шегермейтіндігін мәлімдеді.
Айта кетейік, 2014 жылдың 7 тамызында Ресей Еуроодақ, Австралия, Канада, Норвегия және АҚШ-тан келетін жеміс-жидек пен көкөністер, теңіз өнімдері, сүт өнімдерін елге кіргізуге тыйым салды. Бұл Украина шығысындағы жағдайларға байланысты Ресейге қарсы енгізілген шараларға жауап ретінде қабылданды.
Кейінірек "қара тізімге" тірі балықтар қосылып, лактоссыз сүт және сүт өнімдері, бұршақ, қантты жүгері, дәрумендер алынып тасталынды.