Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ресейлік басылымдар экономикада көшбасшы ауысты деп жарыса жазуда

Ресейлік басылымдар экономикада көшбасшы ауысты деп жарыса жазуда

Өткен аптада Қазақстанның ЖІӨ бойынша Ресейдің алдына шыққаны белгілі болды. Болжам бойынша 2015 жылы Қазақстандағы әрбір жан басына шаққанда 12,4 мың доллардан, Ресейде 11,9 мың доллардан келмек. Ресейлік басылымдар бұл өзгеріске мән беріп, көшбасшы ауысты деп жазуда.

2009 жылғы дағдарыстан кейін ЖІӨ бойынша Қазақстан қатты күйзеліске ұышараған жоқ, кейінгі жылдары да экономика өсімі жоғары болды. 2014 жылдың соңына қарай Қазақстан мен Ресей арасындағы ЖІӨ айырмашылығы 800 долларды ғана құрады. 2015 жылы Азиялық даму банкінің болжамы бойынша, Қазақстандағы осы жылғы көрсеткіш 12,4 мың долларға дейін өспек. Ал Ресейде құлдырау болып, ЖІӨ 11,9 мың долларға дейін төмендейді. Ресейлік басылымдар ел экономикасындағы өзгерістерді бірнеше жағдаймен байланыстырады. Айтарлықтай болмаса да, геосаяси өзгерісті де атап өтеді. Қрымның Ресейге қосылуы арқылы қосымша 2,5 млн адам бюджетке ортақтасты. Оның үстіне, жартыаралға қатысты да санкциялар енгізілген. Мұндай өзгерістер жан басына шаққандағы орташа табыстың азаюына әкелді. Рубль де құнсызданды. Осы жылы да әлсізденуін жалғастырып жатыр. Егер ХВҚ болжамына сүйенсек, Қазақстан осы жылы да алға шығады. Елдің сатып алу қабілетінің паритеті бойынша ЖІӨ 24,3 мың долларды, Ресейде 24 мың долларды құрайды. Айырмашылық аз ғана, әрине. Бірақ екі елдің экономикалық өзгерістерінің өзара салыстыруда орын алмастыруына не себеп? хзщщз Ел экономикасының негізгі көрсеткіші ретінде оның еңбек өндірісін айтуға болады. 2000 жылдары Ресейдегі еңбек өндірісі жылдам өскенімен, 2008 жылдан бастап баяулады. Росстат мәліметінше, ол орта есеппен 2008-2014 жылдары аралығында 20 пайызға да жетпеген. Ал Қазақстанда бұл уақытта бір жарым есе өсе түсті. Екінші маңызды көрсеткіш-экономикадағы салық жүгі. Қазақстанда 2014 жылы ол ЖІӨ-нің 25 пайызын құрады. Бұл - экономиканы салық пен жинақтың орта деңгейі арқылы экономиканы стимулдандырып отырған ел үшін қалыпты көрсеткіш дейді көрші ел экономистері. Мысалы, Қытайда оның деңгейі 20 пайыздан, Түркияда 22 пайыздан асады. Ресейдегі салық жүгі 35  пайыздан артық. "Ресей мен Қазақстан да орташа табысты елдер тобына жататындықтан, қазақстандық салық жүйесін қалыпты деп айтуға болады деп жазады", - ресейлік мамандар. Енді екі елдің қаржыны жұмсау көрсеткіштеріне көңіл бөлейік. Ресейде 10 мың адамға 102 шенеуніктер, Қазақстанда 51 шенеуніктен келеді. Ресейлік мемекеттік секторға халықтың 30 пайызы, Қазақстанда 20 пайызы тартылған. Әрине, дамыған елде шенеуніктер саны көп деген тренд бар. Бірақ ресейлік шенеуніктердің көптігі ел бюджетінің тез шығындалуына әсер етпей қоймайды. Экономикалық жағынан тиімсіз. Сондай-ақ көрші ел қорғанысқа да айрықша көңіл бөледі. Қазіргі көрсеткіш 4 пайызға жетті. Ал Қазақстанда 1 пайыз деген деңгейде тұр. Әскери шығындарды тікелей экономикадан алынатын қаржы деп айтуға келмесе де, олар пайда әкелмейді және экономикалық көзқарастан зиянды деп есептеледі. Келесі фактор елдегі бизнес жүргізу жағдайына қатысты. Мемлекет үлкен және қымбат болған сайын, бизнес шарты да қиындай түспек дейді ресейлік сарапшылар. Егер екі елді ЖІӨ-дегі шағын және орта бизнес (ШОБ) үлесі арқылы салыстыратын болсақ, Қазақстан артықшылыққа ие болады. 24 пайыз ресейлік 20 пайызға қарсы. Соңғы жылдары елде шағын кәсіпкерлік саясаты белсенді түрде қолдауға ие болып келе жатқандықтан ШОБ белсенді түрде дамып келеді. зщшгнолд Дегенмен, Әлемдік банктің Doing Business рейтингінде Ресейдің позициясы біршама жоғары. Көрші ел 62-орында, Қазақстан 77-орында орналасқан. Егер жекелеген пункттер арқылы қарастырсақ, Ресейде келісім-шарттар тез орындалып, несиені жеңіл түрде алуға болады. Бірақ құрылысқа, электр жүйелеріне рұқсат алу және миноритарлы акционерлерді қорғауға байланысты Қазақстан тартымдырақ көрінеді. Аталған факторларға ресейлік журналистер маңызды қосымша ретінде қазіргі кездегі экономикалық және саяси жағдайларды да қосу керек дейді. Ресей өзіне салынған санкциялардан зардап шегіп отыр. Экономиканың қаншалықты шығын көргендіг нақты есеп түрінде айтылған жоқ, бірақ жоғарыдағы көрсеткіштен хабардар болуға болады. Мұның барлығы да Қазақстан мен Ресей арасындағы бәсекелестік артықшылықтардың сақталатындығын білдіреді деп жазады ресейлік әріптестер.

Похожие материалы