Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ресей мен Қазақстанның Орталық банктері курс саясатын келісе отырып жүргізуі мүмкін

Ресей мен Қазақстанның Орталық банктері курс саясатын келісе отырып жүргізуі мүмкін

Ресей мен Қазақстан  курс саясатына қатысты орталық банктер деңгейінде бірлесе отырып әрекет ету мүмкіндігін талқылайды. Бұл туралы ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов мәлімдеді. 

"Қазір екі орталық банк арасында курс саясатына қатысты бірлесе отырып жұмыс істеу туралы мәселе талқыланып жатыр,- деді К.Мәсімов.

Премьер-министрдің атап өтуінше, көрші елдің Орталық банкі инфляциялық таргеттеуге көшкенде қазақстандық тауар өндірушілердің кәсіпорындары жұмысын тоқтатқан. Еске салайық, тамыздың соңында Қазақстан Ұлттық банкі инфляциялық таргеттеу саясатына көшкендігін хабарлады. Нәтижесінде бірнеше күн ішінде теңге 30 пайыздан астам құлдырады. Ал өткен аптада Қазақстан Ұлттық банкі биржаға тек жағдай қиындағанда ғана араласатындығын мәлімдеді. Теңге тағы да  10 пайызға әлсіреп, соңғы 48 сағат ішінде елдің ұлттық валютасы америкалық долларға қатысты 306,57 деген деңгейде тұр.

Похожие материалы