Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ресей мен Түркия газ сақтайтын ортақ кәсіпорын құрады

Ресей мен Түркия газ сақтайтын ортақ кәсіпорын құрады

Ресей мен Түркия "Түрік ағыны" жобасын жүзеге асыру аясында газ сақтау үшін Грекия шекарасында ортақ кәсіпорын құрады. Бұл тураы Түркияның энергетика және табиғи ресурстар министрі Танер Йылдыз TRT Haber телеарнасына берген сұхбатында хабарлады.

Шенеуніктің сөзінше, кәсіпорын Эдирне провициясында орналасады. Сондай-ақ Йылдыз энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Анкара ыңғайлы географиялық орналасуын пайдаланбақшы екендігін де мәлімдеді. Ол Түркияның қатысуымен іске асырылатын тағы бір жоба - Трансанатолиялық газ құбырының құрылысына да (TANAP) баса назар аударды. Түрік билігі екі жаққа да барынша тең қолдау көрсетпек деп атап өтті министр. Осыған дейін, 19 мамырда Ресейдің "Түрік ағыны" теңіз аймағындағы құрылысын маусым айында бастайтындығы хабарланған еді. 2014 жылдың желтоқсанында Ресей Еурокомиссияның қарсыласуына байланысты "Оңтүстік ағын" газ құбырының жобасынан бас тартты. Сол кезде Мәскеу мен Анкара Қара теңіз түбінен  жыл сайын 63 млрд шаршы метр газ өткізуге қабілетті құбыр төсеуге келіскен еді. Сәуір айында Грекия, Сербия, Венгрия  жаңа бағыттағы құбырдың құрылысына қатысуға деген ниеттерін нақтылады. Ұзындығы 1100 шақырым болатын "Түрік ағыны" 4 желіден тұрады. "Газпром" ол арқылы ел отынын Оңтүстік-Шығыс Еуропаға жібермекші. Түрік-грек шекарасында газ хабы құрылып, Еуроодақ елдері өз аумағына келетін отынды қабылдайтын инфрақұрылымды өздігінен салады деп жоспарланып отыр. Ал TANAP жобасы 2019 жылы әзірбайжандық Шах-Дениз кен орнынан Грузия, Түркия, Грекия және Албания арқылы Италия оңтүстігіне өтетін газ құбырын салуды жоспарлап отыр.

Похожие материалы