Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ресей прокуратурасы AppStore және Google Play онлайн-дүкендерінен экстремистік материалдар тапты

Ресей прокуратурасы AppStore және Google Play онлайн-дүкендерінен экстремистік материалдар тапты

Роскомнадзор бірінші рет AppStore және Google Play онлайн-дүкендерінің сайт парақшаларын қара тізіміне енгізді. Бұған прокуратура мен соттың аталған парақшаларда тыйым салынған материалдар бар деп табуы себеп болды деп хабарлайды "Известия" басылымы құзырлы ведомстваға сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, 20 сәуір күні Ставрополь аймағының прокуратурасы Октябрь аудандық сотына ғаламтордағы радикалды исламдық материалдар бар екі кітаптың таралуына тыйым салу туралы өтініш жіберген. Кітаптар экстремистік материалдардың федералды тізіміне енгізілді. Қолдаухатта атап өтілгендей, аталған басылымның мәтіні бар қосымшалар AppStore және Google Play онлайн-дүкендер жарияланған. "Известияның" хабарлауынша, сот прокуратура жағына шығып, онлайн-дүкендердің парақшаларын қара тізімге енгізу туралы қаулы шығарған.  Сот шешім 20 мамырдан бастап күшіне енді. Экстремистік материалдарды бар деп табылған парақшалар бұғауланғаннан кейін кейбір қолданушыларға қолжетімсіз болады. Олардың провайдерлері сайтты толығымен жауып тастауы мүмкін. Роскомнадзорды статистикалық мәліметі бойынша, провайдерлердің үштен бірінде жекелеген парақшаларды бұғаулауға техникалық мүмкіндіктері жоқ.

Похожие материалы