Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ресей әскери ұшағы Пентагон мен Ақ үйдің үстінен ұшып өтті

Ресей әскери ұшағы Пентагон мен Ақ үйдің үстінен ұшып өтті

Мәскеу. 10 тамыз. 7kun.kz - Ашық аспан келісімшарты аясында РФ әуе-ғарыштық күштерінің ұшағы Вашингтон орталығы мен Америка астанасы аймағын бақылау ұшуын орындады. Бұл туралы CNN хабарлады.

Ұшақ бағдары бойынша қорғаныс министрлігі, орталық барлаушы басқарма, Конгресс және Ақ үй үстінен ұшып өтуі тиіс болған. Америкалық БАҚ мәліметтерінше, Ту-154М қазір АҚШ президенті Дональд Трамп еңбек демалысын өткізіп жатқан Бедминстердің (Нью-Джерси штаты) үстінен ұшып өтуі керек болған. Ұшақ Кэмп-Дэвидте (Мэриленд) қала сыртындағы америкалық көшбасшылар резиденциясының, Райт-Пэттерсон (Огайо) әскери базасы және Маунт-Уэзер (Вирджиния) жерасты командалық пунктінің маңайынан өтті. Сондай-ақ,  Вашингтон түбінде (Мэриленд штаты) орналасқан Эндрюс әскери базасының үстінен ұшты.

Жаңа жоспарды Ресей және АҚШ толықтай мақұлдағандығын ақпарат агенттігіне мемлекеттік департамент өкілі мәлім етті. Айта кетейік, ұшақ бағытын дайындау Америка тарапынан жүзеге асырылған. Ашық аспан жөніндегі келісімге 1992 жылдың көктемінде  Хельсинкиде қол қойылған болатын.

Дереккөз: inform.kz

Похожие материалы