РФ Президенті Владимир Путин Ресейдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жарлыққа қол қойды. Сондай-ақ, ресей азаматтарын қылмыстық және өзге де заңға қайшы әрекеттерден қорғау және Түркияға қатысты арнайы экономикалық шаралар жөніндегі қаулыны бекітті, деп хабарлайды lenta.ru.
Ресей басшысы Түркияда өндірілген кейбір тауар түрлерін Ресей территориясына кіргізуді қарастыратын сыртқы экономикалық операцияларға тыйым салуды немесе шектеуге қаулы шығарды.
Сонымен қатар, Путин Түркия ұйымдарының қызметіне, олардың РФ-дағы белгілі бір жұмыстары мен қызметтеріне тыйым салуға және шектеу туралы қаулыны бекітті. 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап ресейлік жұмыс берушілерге Түркия азаматтарын жұмысқа қабылдауға тыйым салынды.
РФ басшысы келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап Түркиямен арада визасыз режимді тоқтату туралы шешім шығарды. Сыртқы істер министріне бекітілген тәртіп бойынша Түрік республикасына келісімдердің іштей тоқтатылатыны жөнінде ескерту жолдау туралы тапсырма берілді.
Фото: lenta.ru