Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ресей Украина қарызын қайта құрылымдаудан бас тартты

Ресей Украина қарызын қайта құрылымдаудан бас тартты

Мәскеу Киевтің $3 млрд көлеміндегі қарызын қайта құрылымдаудан бас тартты. Украинада қарызы бар өзге мемлекеттер де қаржыларының негізгі бөлігін "кешіруге" асығар емес.

Ресей желтоқсан айында Украина $3 млрд көлеміндегі қарызды жабады деп күтеді. Бұл туралы РФ қаржы министрі Антон Силуанов мәлімдеді.

"Бұл мәселеге қатысты біздің нақты ұстанымымыз бар және ол өзгермек емес", - деді ол. Бұған дейін де министр Ресейдің батыстағы көршісінің қарызын қайта құрылымдаудан бас тартатыны жайлы айтқан болатын.

Силуанов Мәскеудің қарыз/ЖІӨ-ге қатысты міндеттемелердің бұзылуына байланысты қарызды уақытынан бұрын жабуды талап ете алатынын да жеткізді. "Екінші жағынан, біз осы жылдың желтоқсан айын күтіп отырмыз, қарыз сол кезде қайтарылуы керек", - дейді ол.

Министрдің айтуынша, Украина тарапынан қайта құрылымдау бойынша ешқандай ресми хат келмеген.

Похожие материалы