Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ресей Украинаның қарызы үшін Лондонның Жоғарғы сотына шағым түсірді

Ресей Украинаның қарызы үшін Лондонның Жоғарғы сотына шағым түсірді

Ресей Украинаның 3 млрд доллар қарызы үшін  Лондонның Жоғарғы сотына шағым түсірді, деп жазады Bloomberg агенттігі.

2016 жылдың қаңтар айының соңында Ресейдің қаржы министрі Антон Силуанов Украинаның 3 млрд қарызы бойынша шағым түсіру жұмысына дайындық жасалып жатқандығы туралы мәлімдеген болатын, деп хабарлайды vedomosti.ru басылымы.

«Біз қарызгерден еурооблигация бойынша барлық соманы және шағым түсіруге кеткен шығындырды өндіріп алуға мүмкіндік туады, деп сенімдіміз", - деді ол. Антон Силуановтың сөзінше, Киев Ресейден алынған олигацияларды ресми қарыз ретінде мойындап отырған жоқ. Алайда ХВҚ-ның өзі аталған қарызды ресми деп есептейді.

Аталған 3 млрд доллар қарыз Украина Президенті Виктор Януковичтың кезінде беріліп, 2015 жылдың желтоқсан айында өтелуі керек еді. Қаржыны Ресей Ұлттық әл-ауқат қорынан 2013 жылы алған. Украина қарызы бойынша қызмет етуге мараторий енгізгенмен, Ресей мәселе сот арқылы шешілетінін мәлімдеді.

Похожие материалы