Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ресейде 2015 жылы болат пен түрлі-түсті металл арзандайды

Ресейде 2015 жылы болат пен түрлі-түсті металл арзандайды

РФ Экономика және даму министрлігі болат пен түрлі-түсті металл бағасының төмендеуін күтеді деп хабарланады Экономика және даму министрлігінің 2015 жылға дайындаған әлеуметтік-экономикалық болжамында.

Атап айтқанда, өткен жылмен салыстырғанда болат бағасының 5%-ға (тоннасы үшін $502 дейін), алюминий бағасының 1%-ға (тоннасына $1,847 мыңға дейін), мыс бағасының 18%-ға (тоннасы үшін $5,625 мыңға дейін), никель бағасының 1,9%-ға ($14,9 мыңға дейін) төмендеуі күтіледі. Экономика және даму министрлігінің болжамына сәйкес, ағымдағы жылы мыс сұранысына қысым көрсететін негізгі фактор: еуро аймағындағы өнеркәсіптің әлсіз серпіні және мыс өнімінің 40% тұтынатын Қытайдың мыс сатып алу көлемдерін қысқартуы. Металл илемінің Азия нарықтарына жеткізілу көлемдерінің мүмкін кеңейтілуі, әлемдік нарықта металл өнімінің жеткілікті болуын ескерген жағдайда, 2015 жылы металл илемі экспортының 7-10%-ға артуын болжауға мүмкіндік береді. Құбыр сегментінде экспорттың кеңейтілуі 33% деңгейінде болуы мүмкін. Болат илемінің өндірісі 2015 жылы 59 млн тоннаны, болат құбырлардың өндірісі 10,7 млн тоннаны қамтиды. Қара металлургия компанияларының қаржылық жағдайы нашарламайды деген болжам жасалып отыр. Бұл компаниялардың инвестициялық қызметі мұнай бағасы барреліне $50 деп алғанда 2014 жылмен салыстырғанда 85% деңгейінде бағаланады. Базалық нұсқа бойынша түрлі-түсті металдар экспортының көлемі 2015 жылы 5%-дық өсіммен қабылданды деп айтылады министрлік болжамында. Түсті металдардың ішкі тұтынылуы 2015 жылы 82,8% деңгейінде болады деп күтілуде.

Похожие материалы