Алматы. 1 ақпан. 7kun.kz – Мәскеу-Волгоград рейсі бойынша ұшатын A320 ұшағында ұялы телефонның қуаттағышы жарылды, деп хабарлайды Vesti.ru.
Оқиға болған жерді жолаушылардың бірі видеоға түсіріп, әлеуметтік желі арқылы таратқан.
Төтенше жағдай ұшақ отырғызылып, жолаушылар тысқа шығар уақытта болғаны туралы хабарланды. Салон іші түгелімен түтінге оранған. Отты өрт сөндіргіш құрал мен бөтелке су арқылы тоқтатқан.
Жолаушылардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Дегенмен де, оларды үрлегіш сал арқылы эвакуациялауға тура келді.
https://www.youtube.com/watch?v=EpoX_yMit0s&feature=youtu.be