Экономика
Ресейдегі пара беру: қанша және қалай?
Ресейдегі параның орташа көлемі 2014 жылмен салыстырғанда екі есеге өскен. Егер бір жыл бұрын пара көлемі 109 мың рубль боса, қазір - 208 мың рубль деп жазады Ресейдің ІІМ-ге сілтеме бере отырып
РБК.
Полицей қызметкерлері аталған есептеудің шындыққа жақын екендігін мойындап отыр. Олардың айтуынша, РФ ІІМ-нің Бас ақпаратттық сараптамалық орталығы "пара" алу бойынша қозғалған қылмыстық істерді қарап шығады. Мәселен, жарты жылды алады да, сол шаманы параның жалпы көлеміне бөледі
Жемқорлыққа қарсы ұлттық комитет басшысы Кирилл Кабановтың айтуынаш, орташа пара көлемін анықтау мүмкін емес. «Біз әріптестерімізбен қоса есептеу жүргізбекші болғанбых. Бірақ, кейін қылмыстың әр түрі әрқалай болатынын біліп, есептеулердің қате шығатынына көзіміз жетті», — дейді ол.
Пара мөлшерінің өсуін сарапшылар рубльдің құбылмалығы мен инфляциямен байланыстырып отыр. Пара алушылар доллар не еуромен алғанды жөн көреді.
«2015 жылдың алғашқы жартысында рубль 35 доллар болған еді. Ол кезде орташа пара 100 мың рубль болған. 2015 жылы ол көрсеткіш 200 мың рубльге айналды. Ал, рубльдің курсы - 55 доллар болды. Бұл дегеніміз, шенеуніктердің параны әдетте доллармен алатындығын көрсетеді», — деген пайымдау жасады ҚР Қоғамдық палатасының мүшесі Дмитрий Чугунов.