Экономика
Экономика1
Ресейден әкелінетін отынға қойылған уақытша тыйымның мерзімі ұзартылды
Қазақстанның Энергетика министрлігі Ресейден дизельдік отынды темір жол көлігімен әкелуге қойылған уақытша тыйымның мерзімін осы жылдың 20 маусымына дейін ұлғайтты.
Министрліктің ресми
сайтында жарияланған бұйрықта көретілгендей, "2015 жылдың 20 мамыры мен 20 маусымы аралығында Қазақстан Республикасына Ресей Федерациясынан темір жол көлігімен дизельдік отынды әкелуге (ЕАЭО СЭҚ ТН 2710 19 350 0 - 2710 19 480 0)" тыйым салынады.
Бұйрық бірінші ресми түрде жариялаған күнінен бастап өз күшіне енеді.