Экономика
Ресейге қарсы санкциялардан Италия экономикасына келген залал - 5 млрд еуро
Ресейге қарсы санкциялардың салдарынан Италия экономикасы 5 млрд евро жоғалтып отыр, соның ішінде ауыл шаруашылығы - шамамен 1,2 млрд евро деп хабарлады "Интеза" банкі (Intesa Sanpaolo тобы) директорлар кеңесінің төрағасы Антонио Фаллико.
"Ресейдің өзіне қарағанда Еуропа елдері үшін санкциялардың ықпалы зор болды. Италияда Ресейге бағдарланған секторларда шамамен 300 мың адам жұмыссыз қалды", - деп мәлімдеді А.Фаллико Краснодарда Интерфакс-Юг агенттігінің баспасөз орталығында өткен пресс-конференция барысында.
Оның айтуынша, санкция салдарынан сән индустриясы, жиһаз өндірісі, машина жасау салалары үлкен экономикалық шығынға ұшырауда, бұған қоса Италияға сапар шегуші ресейлік турсистердің саны 50%-ға қысқарыпты.