Ресейдің бірқатар басылымдары Владимир Путинге дағдарыс кезінде көмектесуін сұрап, ұжымдық хат жазды. Бұл туралы 19 ақпан күні Москваның Журналистер Одағының төрағасы, «Московский Комсомолец» газетінің бас редакторы Павел Гусев айтты деп хабарлайды regnum.ru.
Гусевтің айтуынша дәл қазір БАҚ-на көмек болмаса, 2015 жылы олардың қатары екі есеге дейін азаюы мүмкін. Хатқа басылымдармен қатар жарнама нарығының өкілдері де қол қойған. «МК» бас редакторының айтуынша медиа өкілдері хатта қағаз бағасын ары қарай өсірмеуді сұраған. 2014 жылдың күзінен бері Ресейде қағаз 1,5 есе қымбаттаған еді. Мерізімді баспасөз өнімдерін тарату қауымдастығының мәліметінше қағаз өндірушілер бағаны тағы 15 пайызға өсірмекші.
Сондай-ақ, БАҚ өкілдері алкоголь мен биолгиялық белсенді қоспаларды ішінара жарнамалауға мүмкіндік беруін сұраған. Медиа өкілдерінің пікірінше спирттік өнімдерді шектеулі жағдайда жарнамалауға болады. Мысалы: балаларға әсері болмас үшін түнгі мерзімде көрсету қажет. Еске сала кетейік, қазір Ресейде алкоголь өнімдерін жарнамалауға тиым салынған.
Путинге хат жазғандардың ішінде «АиФ», «Коммерсант», РБК сынды алпауыт басылымдар бар.
Ақпан айының басында РФ-ның Байланыс және бұқаралық коммуникация министрі Алексей Волин БАҚ-ның ауыр жағдайда екенін мәлімдеген еді. Оның мәліметінше 2015 жылдың қаңтар айында ТВ жарнамасы 28 пайызға, баспасөзде 35-40 пайызға, радиода – 40 пайызға азайған. Ал, жарнама нарығы болса 2013 жылғы $10 млрд доллардан $5 млрд долларға дейін құлдыраған.