Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ресейлік банктер валюта операциясы арқылы табыстарын ұлғайтты

Ресейлік банктер валюта операциясы арқылы табыстарын ұлғайтты

2014 жылы РФ-ның банктері валюта операциясы арқылы 421 млрд рубль табыс тапты, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 3,8  (110,3 млрд рубль), 2012 жылмен салыстырғанда 7,2 (58,6 млрд рубль) артық. Бұл туралы Ресейдің Орталық банкінің ресми сайтында жарияланған.

2014 жылғы валюталық операциялардан тапқан табысы 2009 жылғы (158,6 млрд рубль) және 2008 жылғы (242,5 млрд рубль) көрсеткіштерден де жоғары.

2014 жылдың төртінші тоқсанында ресейлік банктер  валюталық операциялардан 231,9 млрд рубль табыс тапқан.

Похожие материалы