Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ресейлік банктердің табысы 15 есе төмендеді

Ресейлік банктердің табысы 15 есе төмендеді

2015 жылдың қаңтар-шілде айларында РФ банктерінің табысы 15 есе төмендеп, 34 млрд рублді құрады. Өткен жылы осы мерзімде көрсеткіш 513 млрд рублге тең еді.  Орталық банктың сайтында жарияланған банк секторы туралы сараптамада осындай мәлімет жазылған деп хабарлайды ТАСС.

Жыл басынан бері болжамды қауіп үшін жинақталған қор 18,6  пайызға немесе 754 млрд рубльге өсті. 2014 жылы 17,4 пайызға немесе 497 млрд рублге көбейген еді. Бұған дейін 10 тамызда Орталық банктың басшысы Эльвира Набибуллина РФ президенті Владимир Путинмен кездесуінде алғашқы жартыжылдықта ресейлік банктердің табысы 51 млрд рубльді құрайды, ал жыл соңында 100 млрд рублге жетуі мүмкін деп мәлімдеген еді. Ресей Банкі басшысының сөзінше, банк жүйесі тұрақты және негізгі көрсеткіш бойынша қауіпсіз аймақта тұр. Есеп бойынша, банк секторының активі шілдеде 1,8 пайызға дейін ұлғайды. Бір ай көлеміндегі несиелер көлемі 41 трлн рубльге дейін көбейді. Оның ішінде қаржылай емес ұйымдарға берілген несие 3,1 пайызға, физикалық тұлғаларға берілген несие 0,1 пайызға артқан.

Похожие материалы