Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ресейлік бес тонна тауық еті сатылымнан алынды

Ресейлік бес тонна тауық еті сатылымнан алынды

Қазақсанда өнімнің қауіпсіздік нормаларына сәйкес келмейтін, Ресейде өндірілген 5 тонна тауық еті сатылымнан алынды. Бұл туралы ұлттық экономика министрлігінің тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Комитет мамандары осы жылдың 2 наурызынан бастап зертханалық зертеуге азық-түлік өнімдерінің 823 сынамасын іріктеп алды, нәтижесінде 231 сынама техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтіндігі анықталды", - делінген мекеме таратқан хабарламада.

"27 наурызға дейінгі жағдай бойынша ресейлік өндірушілердің 4 тонна 941 кг құс өнімі сатылымнан алынып, жеткізушілерге қайтарылды. Өндірушілердің қатарында "Майкопский Птицекомбинат" ЖАҚ, "Уралбройлер" ЖАҚ, "Даль-Кама1" ЖШҚ, "Курский Агрохолдинг" ЖАҚ, "Сибирская" құс фабрикасы, "Белгранкорм" ЖШҚ бар", - деп айтылады пресс-релизде.

Бір тоннадан астам өнімде патогенді микрофлораның бар екендігі анықталды, барлық уланған өнім жойылды.

Бұл ретте сәйкес келмейтін өнім республиканың ірі кәсіпорындарында сатылып жатқан, атап айтқанда Астанадағы Green Mart және Magnum супермаркеттері, Атырау облысындағы "Рамстор" мен "Идеал Маркет", Ақтөбе облысындағы "Анвар", Солтүстік Қазақстан облысындағы "Көктөбе" және "Семейный" сауда орталықтары.

"Бұл сауда орындарында құс етінің ветеринарлық сертификатарымен болған, сол себепті сатылымға шығарылды", - деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер.

Комитет аймақтық бөлімшелеріне құс өнімінің тиісті мониторингін өткізуді тапсырды. Сауда кәсіпорындарының жетекшілеріне заңнама талаптарының бұзылуын жою туралы 43 нұсқама берілген, әкімшілік айыппұлдарды салу туралы қаулылар шықты.

Қазақсан тарабы "Роспотребнадзор"-ды жауапсыз өндірушілер мен жеткізушілерге қатысты эпидемиялыққа қарсы іс-шараларды қолданатындығы туралы хабардар етті.

Похожие материалы