РФ үкіметі "Сила Сибири" газ құбыры арқылы газды жеткізу турасындағы Ресей мен Қытай арасындағы келісімді бекітті. Ресей 2018 жылдан бастап газ жеткізілімін бастауға дайын. Бастапқыда газ экспорты 5 млрд шаршы метр болады, содан соң ол жылына 38 млрд шаршы метрге дейін артады.
Келісім тараптар есептесу кезінде Ресей мен Қытайдың ұлттық валюталарын пайдалануға жол беретіндігін ұйғарады. Сонымен қатар олар өз өкілетті органдарымен қажетті салық жағдайларын жасау және "Газпром" мен Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясы (CNPC) арасындағы ынтымақтастықты кеңейту міндетін алды.
Бұл келісім 40 жылға есептелінген. Оны жасай отыра, Ресей мен Қытай алдындағы 2014 жылғы 21 мамырдағы келісімнің шарттарын орындап, ол келісім әрекет ете бастады. Алдындағы келісім 30 жылдық мерзімге жасалды, ол да жылына 38 млрд шаршы метр көлеміндегі газ жеткізілімін ұйғарады. Келісім-шарт құны - 400 млрд доллар.