Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ресейлік гипермаркеттер қазақстандық тауарларды сатылымға шығарады

Ресейлік гипермаркеттер қазақстандық тауарларды сатылымға шығарады

Алматы. 7 тамыз. 7kun.kz - KAZAKH INVEST ұлттық компаниясы ресейлік сауда желілерімен келісімге отырғысы келетін қазақстандық тауар өндірушілердің өтінімдерін қабылдай бастады. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

Отандың өндірушілердің өтінімдері серіктестікті мақұлдау үшін бірнеше ресейлік ритейлердің коммерциялық қызметтеріне ұсынылады.

Бұл жобаға Ресейдің федералды және аймақтық сауда желілері қатысады. Олар: «X5 Retail Group» («Пятерочка» дүкендері, «Перекресток» супермаркеттері, «Карусель» гипермаркеттері және т.б.) федералды желісі.

Ал аймақтықтық желілерден 700 сауда нүктелері қатысады. Олар: «Командор» (Краснояр өлкесі), «Аникс» (Алтай өлкесі), «Гулливер» (Ульянов облысы), «Петровский» (Архангель облысы) «Анкор» (Жаңа Уренгой), «Лама» (Том облысы) және т.б.

Жоба бірнеше бөлімнен тұрады:

  1. Ресей ритейлерлері қазақстандық тұтынушылар ұсынған ассортимент бойынша тағдау жасайды;
  2. Әрбір өндіруші арасында меріктестік шарттарын жасасу;
  3. Кәсіпорынды сауда желілерінің қауіпсіздік қызметі арқылы тексеру;
  4. Тауар тасымалы бойынша келісімге қол қою;
  5. Өнімдерді сауда орындарына шығару.
Өтінімдер 2017 жылдың 15 тамызына дейін қабылданады.

Похожие материалы