Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ресейлік хакер туралы ақпаратқа 3 млн доллар сыйақы тағайындалды

Ресейлік хакер туралы ақпаратқа 3 млн доллар сыйақы тағайындалды

АҚШ билігі Ресей мен Украинадағы киберқылмыскерлер тобының ұйымдастырушысы деп есептейтін Евгений Богачевты тұтқындауға көмек болатын ақпарат бергендерге 3 млн доллар көлемінде сыйақы тағайындады. Олардың сөзінше, хакерлік топ "әлемдегі бір миллион компьютерді зақымдап, 100 млн доллар көлемінде қаржылай шығын келтірген вирусты жіберген".

АҚШ-тың юстиция министрлігі Богачевті "әділеттіліктен тайқып жүрген киберқылмыскерлер" тобына жатқызған. Богачев пен оның сыбайластары өте қауіпті Gameover Zeus бағдарламасын пайдаланған. Оның көмегі арқылы бөтен компьютерлерге кіріп, олардың иелерінің қаржылай операцияларын бақылап, заңсыз түрде қаражаттарын өз есепшоттарына ауыстырып отырған.

Өткен жылы ФБР директорының көмекшісі Роберт Андерсон "осыған дейін бізбен бетпе-бет келген ең күрделі компьютерлік желі" деп мәлімдеген еді.

Zeus-тен бөлек, хакерлер тобы Cryptolocker атты зиянкес бағдарламаны пайдаланған. Оның көмегі арқылы кез-келген компьютердегі маңызды ақпаратты бұғаулап тастауға болады. Ал оған қол жеткізу үшін құрылғы иесі алаяқтарға үлкен көлемде қаржы төлеуі қажет. АҚШ бас прокуратурасының мәліметінше, қазір Cryptolocker жұмыс істемейді, оның құрылымы жойылған деуге болады.

Евгений Богачев ғаламторда "Lucky12345", "Slavik" және "Pollingsoon" деген атпен белгілі. Ол құрған топтың құрамында Ресей, Украина және Ұлыбритания азаматтары бар. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, хакерлік топтың әрекетінен америкалық қалалардағы бірнеше банктер мен шағын бизнес кәсіпкерлері, Вашингтон штатындағы үндістер тайпасы және Массачусетсегі полицей бөлімшесі зардап шеккен.

Қазір Богачевқа сырттай қаржылай және компьютерлік алаяқтық деген бірнеше бап бойынша айып тағылды.

 

Похожие материалы