Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ресейлік хакерлер Ақ үйдің компьютерлік жүйесіне бұзып кірді

Ресейлік хакерлер Ақ үйдің компьютерлік жүйесіне бұзып кірді

Ресейлік хакерлер Ақ үйдің компьютерлік жүйесіне бұзып кірді деп хабарлайды CNN арнасы. Олар Барак Обаманың кездесулер кестесіне қол жеткізген.

Америкалық президенттің компьютеріне кіру үшін кибералаяқтар алдын-ала АҚШ-тың Мемлекеттік департаментінің жүйесіне кірген. Арнайы қызмет хакерлерді ығыстырып тастауға тырысқанымен, олар қайта оралады. Сарапшылардың болжамынша, мемлекеттік департаментті бірнеше ай бойы ресейлік хакерлер бақылауға алған. Ал Ақ үйдің компьютерлік жүйесіне басып кіруді мемлекеттік департаменттің электронды поштасы арқылы бастаған.

АҚШ президентінің көмекшісінің орынбасары Бен Родс хакерлер Ақ үйдің құпия компьютерлік жүйесіне қол жеткізген жоқ деп есептейді. "Біздің Ақ үйде құпия емес, құпия және өте құпия деген бірнеше компьютерлік жүйелер бар. Олар құпия жүйелерге кірді деп ойламаймыз", - деді ол.

Осыған дейін  ұлттық бақылау қызметінің директоры Джеймс Клэппер ресейлің хакерлер біз ойлағаннан да қауіптірек деп мәлімдеген еді.

 

Похожие материалы