Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ресейлік хакерлер Пентагонға шабуыл жасалды деп күдіктеліп отыр

Ресейлік хакерлер Пентагонға шабуыл жасалды деп күдіктеліп отыр

Пентагонға кибершабуыл жасалды. Бұған ресейлік хакерлердің қатысы болуы мүмкін деп хабарлайды NBC News арнасы.

Хакерлердің әрекетінен Штаб басшыларының біріккен комитетіндегі (ШББК) 4 мыңға жуық әскерилер мен азаматтық қызметкерлердің электронды хат алмасулары зардап шеккен. Шабуыл шамамен 25 шілдеде жасалды дейді АҚШ әкімшілігінің шенеуніктері. Барлық әрекеттер әлеуметтік желілердегі есептік жазбалар арқылы бақыланып отырған. Дегенмен ешқандай құпия ақпараттар алынған жоқ, тек бірнеше есепшоттар мен хаттар алынды. Әзірге шабуылдың қандай топтар тарапынан ұйымдастырылған белгісіз. Пентагондағы жүйелер апта соңына дейін қалпына келуі мүмкін деп атап өтеді NBC. Айта кетейік, осыған дейін де АҚШ-тағы компьютерлік желілердің бұзылуына ресейлік хакерлердің қатысы бар деп күдіктелген еді.

Похожие материалы