Алматы. 11 қаңтар. 7kun.kz - Code Computerlove агенттігінің басқарушы директоры Луи Георгиу PR мен digital саласындағы маңызды бағыттар туралы prexplore.ru сайтына баяндады.
2018 — MVP жылы
MVP - минималды өміршең өнім деген мағынаға ие. Бұл құрал арқылы қолданушыларға не қызық болады деген сұраққа емес, оларға не керек деген сауалға көлемді түрде жауап алуға болады. Болжам бойынша, 2018 жыл осы концепцияның дамуында жаңа белеске шығу кезеңі болуы мүмкін. Себебі бұған дейін MVP-ны ірі цифрлық платформа иелері қолданған еді. Әлемді big data билейді
Big data-ны қолдану үрдісі жаңалық емес, бірақ көптеген ұйымдар әлі де болса деректерді қажетті деңгейде пайдалана алмай келеді. Code Computerlove басшысының айтуынша, бұған веб-сарапшылардың жетіспеушілігі себеп екен. Биыл әр түрлә брендтер big data-ның көмегімен тұтынушыларға не қажет екенін анықтауға тырысады.
Агенттіктер қызметкерлерінің біліктілігін тағы да көтеруге мәжбүр болады
"Егер көлік жүргізе алмасаң, оны сатып алудың не мәні бар",-дейді Луи Георгиу. Агенттіктер смарт-технологияларды дамытуға көп ақша салғанымен, қызметкерлер олармен қалай жұмыс істеу керек екенін толықтай хабардар емес. Алдын-ала болжам бойынша, 2018 жылы агенттіктер өз қызметкерлерінің цифрлық білімін арттыруға ақша салады. Сол арқылы агенттік өкілдері біліктіліктерін арттырумен цифрлық жүйе және технологиялармен жұмыс істеуге шамасы жететін болады.
Цифрлық жүйелер өзгеріске ұшырайды
Баяу ашылатын веб-сайт, нашар тәжірибе мен сапасыз қызмет көрсетудің барлығы өткен шақта қалады. 2018 жылы кәсіпорындар ірі өзгерістерге бетбұрады. Бірінші кезекте CMS ақпараттық жүйесі өзгеріске ұшырайды.
Брендтер трендте болуды үйренеді
Code Computerlove басшысының айтуынша, нарыққа арналған каналдардың көбеюі брендтерді моданың артынан жүгіртіп қойып, жаңа қосымшалар шығаруға итермелейтін еді. Соңында жаңа дүние компанияның мақсатына сәйкес келмей қалып та жатады.
2018 жылы брендтер ақшаны аз жұмсауды бастайды және жаңа тенденциялар мен модаға "жоқ" деп айтуды үйренеді. Енді тек клиенттерге не қажет, соған қарай жұмыс істейді.