Ресей. 18 қыркүйек. 7kun.kz — Ресейлік Сбербанк 2018 жылдың аяғына дейін жасанды интеллект технологиясы бойынша 159 жобаны жүзеге асырады. Бұл туралы Сбербанктің басшысы Герман Греф «Сандық экономика: Generation Z» викториналық түсірілімінде мәлімдеді.
«Бүгінде жасанды интеллекті пайдалануға тырыспаған ешқандай компания жоқ. Біз 2018 жылдың соңына дейін жасанды интеллект технологиясын қызметіміздің түрлі бағыттары бойынша 159 жобаны іске асыруды жоспарладық. Жасанды интеллект арқылы компанияның бизнес құрылымы, бизнес моделі, табысы өзгереді. Сонымен қатар клиенттерге ыңғайлы жағдай жасалады. Егер компания жасанды интеллектті қызметіне пайдаланбайтын болса ұтылады," - деді ол.
«Сбербанк» басшысы бес жылда банк операцияларының шамамен 80 пайызы жасанды интеллект көмегімен және ешқандай адамның көмегінсіз жүзеге асырылуы мүмкін екендігін айтқан.
Айгүл Хожантаева